2011-2013 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы
Атырау облыстық мәслихатының 2010 жылғы 3 желтоқсандағы № 372-IV шешімі
(2011.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Осы редакция 2011 жылғы 2 наурызда енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-ІV Бюджет кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына сәйкес және облыс әкімдігі ұсынған 2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарап, облыстық мәслихат XXV сессиясында ШЕШТІ:
Атырау облыстық мәслихатының 2011.12.01. № 397-IV шешімімен 1-тармақ өзгертілді (2011 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
1. 2011 - 2013 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2011 жылға мынадай көлемде бекітілсін:
1) кірістер - 103 473 834 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер - 51 899 492 мың теңге;
салықтық емес түсімдер - 109 105 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер - 2 326 мың теңге;
трансферттердің түсімдері - 51 462 911 мың теңге;
2) шығындар - 99 715 323 мың теңге;
3) таза бюджеттік несиелендіру - 592 160 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік несиелер - 858 870 мың теңге;
несиелерді өтеу - 266 710 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо - 4 998 803 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 5 003 803 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 5 000 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) - -1 832 452 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) - 1 832 452 мың теңге.
2. Атырау қаласы мен аудандар бюджетіне жалпы мемлекеттік салықтар түсімінің жалпы сома нормативі 2011 жылға келесідей көлемде бекітілсін:
төлем көзінен салық салынатын табыстардан ұсталатын жеке табыс салығы:
Құрманғазы, Индер, Исатай, Қызылқоға, Махамбет, Мақат аудандарына және меншікті облыстық бюджетке - 100%;
Атырау қаласына және Жылыой ауданына - 50%;